07 ақпан 2019 17:03

Талғат Ешенқұлов қайтадан вице-министр болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғат Ешенқұлов. © facebook.com/edugovrk/ Талғат Ешенқұлов. © facebook.com/edugovrk/

ҚР үкіметінің қаулысымен Талғат Ешенқұлов білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап. 


ҚР үкіметінің қаулысымен Талғат Ешенқұлов білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап. 

"Министр Ерлан Сағадиевтің бұйрығымен Талғат Ілиясұлы жоғары оқу және ғылым саласындағы сұрақтармен айналысады", - делінген хабарламада. 

Талғат Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1999 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2000 жылы "Қайнар" университетін, 2010 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Экономист, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, мемлекеттік және жергілікті басқару бағыты бойынша доктор (PhD) біліктілігіне ие. 

Еңбек жолын 1997 жылы Жамбыл облысының Тараз қаласындағы "Алма" АҚ-да бастаған, Жамбыл облысы Әділет басқармасында, Қаржы министрлігінде, Білім және ғылым министрлігінде, Жоғарғы Кеңесте, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде, ҚР Есеп комитетінде түрлі лауазымдарды атқарған.

Тағайындалғанға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасы қызметін атқарған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети