27 наурыз 2020 18:07

Талғат Теменов Иманғали Тасмағамбетовтен алған хаты туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Театр және кино режиссері, кинодраматург Талғат Теменов Иманғали Тасмағамбетовтен алған хатын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Театр және кино режиссері, кинодраматург Талғат Теменов Иманғали Тасмағамбетовтен алған хатын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы режиссер Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Жан досым Талғат! Қалайсың? Үй-іші аман ба? Бүгінгі Мерекелерің құтты болсын! Театр Күнін айтам.. Есіңде болар баяғыда сені ТЮЗ-ға басшы боп бар дегенде ат тоныңды ала қашып ең.. Енді бүгін театр екінші үйің болды.. Саған театрдың пайдасы тиді.. Сенің де театрға жасаған еңбегің ұшан теңіз.. Біз де аман.. Москвадан шыға алмай қалдық... Күн де ауа райы да биыл ерекше. Өткен жолы жігіттер сұрап жатыр" деп едің.. Менен бәріне салем айт! Үйде бекер жатпай бір жұмыс жазып жатырмын. Мені де Творческий адам жасадыңдар.. Ең негізі мына кеселден аман есен өтуге жазсын. Өзім де бәріңді сағындым.. Ұшайын десем қанат жоқ.. Аман есен бас қосуға жазсын! Аман бол досым! Құрметпен, Иманғали", - делінген хатта.

Еске салайық, Иманғали Тасмағамбетов 2017 жылдың ақпанынан 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметін атқарды. Кейін зейнет жасына толуына байланысты қызметінен босатылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети