Астанаға келе жатқан "Тальго" жолаушылар пойызы 10 сағатқа тұрып қалды деп,- хабарлайды Tengrinews.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз хатшылығына сілтеме жасай отырып.
Астанаға келе жатқан "Тальго" жолаушылар пойызы 10 сағатқа тұрып қалды деп,- хабарлайды Tengrinews.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз хатшылығына сілтеме жасай отырып.
"Тальго" №19/20 пойызы 21 маусым күні 21:05 шамасында Атыраудан жолға шыққан. Кесте бойынша ол Астанада 22 маусым күні 19:20 сағатта болуы керек.
Алайда Мақат кентінде орын алған техникалық себептерге байланысты аталмыш пойыз құрамы тоқтап қалған.
Жоспарланбаған тұрақ 10 сағатқа дейін созылды. Бұзылған жерге арнайы қалпына келтіру пойызы шақырылып, ақау жөнделгеннен кейін "Тальго" жол жүру сапарын жалғастырды.
"Қазір пойыздың өз кестесіне енуі үшін барлық шаралар қарастырылуда. Пойыздың жоғалтып алған уақытын қуып жетуі үшін оның аялдамаларға тоқтау сағаты қысқартылады. Пойыздың нақты келетін уақытын айту қазір мүмкін емес. Әрине, ол 10 сағатқа бірден кешікпейді. Бірақ кешігу болады" деп хабарлайды баспасөз хатшылығы.