Қостанайда "Тальго" пойызында болған зорлау ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанайда "Тальго" пойызында болған зорлау ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанай қаласының № 2 сотының үкімімен Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Құрманиязов ҚР ҚК-нің 120-бабында көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот олардың әрқайсын бес жылға бас бостандығынан айырды. Соталушылар жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтейді.
Жаза 2019 жылдың 26 шілдесінен бастап күшіне енеді.
Бұған дейін 19 шілдеде жолсеріктер 2,5 және 2,3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын, алайда екінші тарап үкімге наразы болып, Қостанай облыстық сотына апелляциялық шағым түсірген. Онда бірінші инстанция сотының шешімі жойылды және іс тергеуге жіберілген.
Еске салсақ, тергеу материалдарына сәйкес, оқиға 2018 жылдың 26 қыркүйегінде болған. Әйел астанада болған ғылыми конференциядан үйіне Ақтөбеге "Тальго" пойызымен қайтып бара жатқан. Оның айтуынша, түнгі уақытта купенің есігін өз кілтімен ашқан жолсеріктер кезекпен оны зорлаған. Жолсеріктер өз кінәсін мойындамады.
"Тальгодағы" зорлау ісі. Оқиға қалай өрбіді?