25 ақпан 2020 | 17:44

"Тальгодағы" зорлау ісінде нүкте қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сергей Миронов/ © kstnews.kz Сергей Миронов/ © kstnews.kz

Қостанай облыстық соты "Тальгодағы" зорлау оқиғасына қатысты істі аяқтады. Сот жолсеріктерге шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облыстық соты "Тальгодағы" зорлау оқиғасына қатысты істі аяқтады. Сот жолсеріктерге шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облыстық соты "Тальгодағы" зорлау ісі бойынша түскен апелляциялық шағымды осымен екінші рет қарады. 2019 жылдың тамызында дәл осы сот залында сот алқасы істі қайта тергеуге жолдаған болатын. Нәтижесінде Жетес Үмбетәлиев пен Қолқанат Құрманиязовтың жазасы қатаңдатылды.

Бұл жолы сотталушылар үкімге шағымданған еді, алайда сот алқасы шешімді өзгеріссіз қалдырды.

"Қорғаушылардың апелляциялық шағымдары мен іс материалдарын қарап, үкіммен танысқан соң сот алқасы бірінші инстанциялы соттың шешімін заңды деп таныды", - деді Қостанай облыстық соттың судьясы Ерлік Сералин.

Еске салайық, екі жолсерік былтыр шілдеде сот залында қамауға алынған болатын. Заңнамадағы соңғы өзгерістерге байланысты енді олар шамамен 4 жыл жарты ай жазасын өтейді.

"Костанайские новости" журналистерінің мәліметінше, зардап шеккен келіншек оқиғаны "Не молчи.kz" қорына хабарлағаннан кейін дау туған. Козғалыс көшбасшысы Дина Смаилова Facebook желісіндегі парақшасында болған оқиғаны жазды. Оның айтуынша, әйел Нұр-Сұлтаннан Ақтөбеге қайту үшін "Тұлпар-Тальго" билетін сатып алған. Алдымен оның купесінде бір жолаушы болған. Кейін әйел мейрамханадан тамақтанып, қайтып оралғанда, купеде трико мен майка киген жолсерік отырған. Ол көршісін басқа орынға жайғастырғанын айтып, өзі сыра ішіп отырған. Әйел жолсеріктен бірнеше рет кетуін сұрап, нәтижесінде өз дегеніне жеткен. Содан кейін есікті кілтпен жауып, ұйықтап қалған. 

Шамамен таңғы сағат 4-те келіншек оянып кеткен, себебі жанында сол жолсерік жатқан. Ол есікті өзінің кілтімен ашқан. Қылмыс жасалып, ер адам шығып кеткеннен кейін купеге тағы бір жолсерік кірген. Содан кейін әйел полицейлерді шақырған. Оқиға Қостанай облысының аумағында болды, сондықтан тергеумен жергілікті полицейлер айналысқан. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети