Talks2050: Қазақстан жастары өз идеяларын білім министріне жеткізе алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Talks2050: Қазақстан жастары өз идеяларын білім министріне жеткізе алады Жастар өз ойларын жүзеге асыра алады

 Қазақстан жастары өз идеяларын Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке жеткізе алады, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл жөнінде бүгін 25 қазанда өтіп жатқан "Болашақ жайында сөз етеміз" Talks2050 форумында кеңінен талқылануда.

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Қазақстан жастары өз идеяларын Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке жеткізе алады, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл жөнінде бүгін 25 қазанда өтіп жатқан "Болашақ жайында сөз етеміз" Talks2050 форумында кеңінен талқылануда.

" Talks2050 – бұл бейресми талқылау. Біз формуға өз аймақтарымыздағы белгілі спикерлерді шақырдық. Әр спикерді 15 минуттан тыңдаймыз. Дөңгелек үстел басына жиналғандардың әрқайсысы өз ойларын ортаға салады. Артынша біз солардың ішінен өзекті идеяны таңдап аламыз. Мысалы, біз таяуда Астанада бас қосып, бірқатар идеялар легін Ақ Ордаға жібердік" дейді ұйымдастырушылар.
Жиын барысында Білім және ғылым министрлігі, халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Ғани Нығметовтен "тілдік даярлықты неге ұзаққа созамыз" деген сауалға жауап алдық .

"Біз бұл тараптан ұсыныстар айттық. Ұсынысымыз мақұлданып, бұдан былай болашақтықтарды ағылшын тілінде Қазақстанда оқытатын болдық. Біздің есебімізше, осылай етсек қаржыны екі есе үнемдейді екенбіз. Сондай-ақ келер жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша бакалавриат білімін алғандарға кез келген елге барып магистратуралық білім алуға  да мүмкіндік ашылады" дейді ол.
Бұған қоса "Қозғалыс-2050" жобасының үйлестірушісі Әйгерім Тұяқбаеваның айтуынша, Talks2050 форумы барысында экономика, инвестиции, экология, білім мәселесін 9 спикер сөз етеді.
" Talks2050 форумында сөз алғандарға залда отырғандар тарапынан ешкім сауал қоймайды, пікір білдірмейді. Форум соңында ғана біз айтылған ойларды талқыға саламыз" дейді ол.

Айта кету керек, Talks2050 форумына шақырылған инвестор Кеңес Рақышев Еуропадан ұшақтың бұзылуына байланысты келе алмады.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети