"Тамақ пен суға қуанады". Қазақстандық жігіт Африкадағы балаларға құдық салып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото lada.kz сайтынан Фото lada.kz сайтынан

Ақтау тумасы Жәнібек Жарасұлы 10 күнде бір миллион теңгеден аса қаражат жинап, африкалық балаларға көмек көрсетті, - деп хабарлайды Lada.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтау тумасы Жәнібек Жарасұлы 10 күнде бір миллион теңгеден аса қаражат жинап, африкалық балаларға көмек көрсетті, - деп хабарлайды Lada.kz.

Басылым мәліметінше, Ақтаудағы қазақ-түрік лицейінің түлегі кейін оқуын Ыстамбұлда жалғастырған. Оның айтуынша, қалада Африка балаларына көмектесу туралы үндеулер жарияланған. 

"Бірде "Африка медресесінің балаларын қолдау" туралы үндеуді көрдім. Кінәлі сезіндім бе, аяушылық сезімі ме - мені осындай қадамға итермеледі. Бәрін мұқият зерттеп, ақша жинауға кірістік. Негізінен достарым көмектесті. Қазір Instagram - үлкен мүмкіндік алаңы, репосттар арқылы қайырымды адамдар ақша жинады. Жұмыстың негізгі бөлігін бір қыз жасады, бірақ ол аты-жөнін жарияламауды өтінді", - деді Жәнібек Жарасұлы.

Олар 10 күнде 1 111 111 теңге жинаған. 

Жәнібек Жарасұлының командасы жасаған ауызашарға 620 ауыл баласы жиналған. Олар үшін ең басты ғажайып ауыз су толы құдық ашылуы болды.

"Шын мәнінде біз ақша жинау кезінде қатты уайымдадық. Ақшаны жинай аламыз ба, мақсатты орындай аламыз ба деген ойлар болды. Алайда, біз жақсылық нәсілге және ұлтқа бөлінбейтінін дәлелдей алдық. Бейнеесепті көрдім, бақытты балаларды көріп жүрегім толқыды. Олар қарапайым тамақ пен суға қуанады", - деді идея авторы. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro