Тамара Дүйсенова жаңа лауазымға ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тамара Дүйсенова жаңа лауазымға ие болды Тамара Дүйсенова. © Тұрар Қазанғапов

Nur Otan партиясының экс-хатшысы Тамара Дүйсенова жаңа лауазымға ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Nur Otan партиясының экс-хатшысы Тамара Дүйсенова жаңа лауазымға ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тамара Дүйсенова "Еңбек ресурстарын дамыту орталығының" (ЕРДО) президенті болып тағайындалды.

15 шілдеде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Орталықтың бұрынғы басшысы Ербол Оспанов "ЕРДО" АҚ бірінші вице-президенті қызметіне ауысты.

"Тамара Қасымқызы әлеуметтік-еңбек саласын дамытуға елеулі үлес қосты, бүгінде тиімді еңбек нарығын дамыту, еңбек ресурстарының сапасын арттыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру және ел басшылығы қойған басқа да тапсырмалар үшін қажетті тәжірибесі бар", - деп атап өтті министр.


© Qanat Qulshmanov / Facebook

Бұған дейін Тамара Дүйсенованың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Nur Otan партиясының хатшысы қызметінен кеткені хабарланған. Ол бұл қызметті 2018 жылдың ақпанынан бастап атқарды.

Тамара Дүйсенова Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары жауапты басшы лауазымдарын атқарды. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі, жауапты хатшысы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып жұмыс істеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети