Тамара Дүйсенова жалақысы туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тамара Дүйсенова жалақысы туралы айтты Фото:gov.kz

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова жалақысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова жалақысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтік брифингте журналистер Дүйсеновадан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылып, премьер-министрдің орынбасары қызметінде қалғаннан кейін жалақысы қалай өзгергенін сұрады.

"Министр қызметіңіздегі ставкаңыз Светлана Жакуповаға берілді ме?" – деп сұрады журналист.

"Әрине, ол министр болып тағайындалды, ол қазір министрліктің басшысы қызметін атқарады, ал мен қазір әлеуметтік блокты үйлестіремін", - деп жауап берді Дүйсенова.

Ол министрлік басшысының ставкасы Светлана Жақыповаға берілгенін, ал өзі премьер-министрдің орынбасары ретінде ғана жалақы алатынын түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети