Тамара Дүйсенова жаңа қызметке келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тамара Дүйсенова жаңа қызметке келді © Тұрар Қазанғапов

Тамара Дүйсенова "Нұр Отан" партиясының жаңа хатшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы партияның сайтында хабарланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тамара Дүйсенова "Нұр Отан" партиясының жаңа хатшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы партияның сайтында хабарланды.

"Елбасы, "Нұр Отан" партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Тамара Дүйсенова партия Хатшысы қызметіне тағайындалды. Бүгін "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Орталық аппарат ұжымына партияның жаңа хатшысын таныстырды. Мәулен Әшімбаев Тамара Дүйсенованың мемлекеттік қызметте және басшылық лауазымда тәжірибесі бай екенін ерекше атап өтті", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ол Елбасының партия қызметін жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға жаңа хатшының үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.

"Сіздің әлеуметтік саладағы бай тәжірибеңіз партия жұмысына игі әсерін тигізеді деп есептеймін. Себебі, әлеуметтік мәселелерді шешу "Нұр Отан" партиясының басым бағыттарының бірі болып саналады. Сіздің партия қатарына келуіңізбен осы бағыттағы жұмысымызды одан әрі күшейтеміз деп сенемін", - деді Мәулен Әшімбаев.

Тамара Қасымқызы Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары ол жауапты басшылық қызметтерді абыроймен атқарды. Атап айтқанда, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы, вице-министрі, Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып жұмыс істеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети