Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Тамара Дүйсенова Қазақстандағы кедейлік деңгейі туралы айтты 05 желтоқсан 2022, 14:54

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстандағы кедейлік деңгейіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстандағы кедейлік деңгейіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Барлық елде кедейлік бар. Ол абсолютті кедейлік және салыстырмалы кедейлік болып келеді. Қазақстанда салыстырмалы кедейлік. Себебі, жалақы, әлеуметтік төлемдер, қажеттіліктер мен бағалар өсіп жатыр. Бұл әрқашан осы деңгейден төмен болатын адамдар санатын бөлектейді. Кедей ел жоқ деп айту мүмкін емес. Адамдарға уақтылы қолдау көрсету арқылы ғана кедейліктің алдын алуға болады. Біз сандық картаны алдын алу үшін жасадық. Қазір біз оның салдарымен көбірек күресіп жатырмыз, ал жұмысынан айырылған отбасына жұмыс табуға немесе әлеуметтік төлем беруге болады", - деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатының отырысында.

Тамара Дүйсенова білімсіздіктен әлеуметтік көмекті аз алатын отбасылардың жағдайына да тоқталды.

"Мен облыстардың біріне барғанда көпбалалы отбасы ретінде ай сайын 110 мың теңгеге жуық жәрдемақы алуы керек бір кісі, 20 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алатынын білдім. Енді көбірек жұмыс алдын ала жасалады. Бізде Қазақстанда 200-ден астам заң бар, адамдар өз құқықтарын білуі керек", - деп түйіндеді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram