01 тамыз 2019 16:50

Тамыз айында ауа райы қандай болады?

©pexels.com

Синоптиктер 2019 жылғы тамыз айына консультативтік болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2019 жылғы тамыз айына консультативтік болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тамыз айында ауаның орташа температурасы солтүстік-батыс жартысында климаттық норманың жанында, ал оңтүстік-шығыс жартысында нормадан 1 градус  жоғары болады деп күтіледі. Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жуық, орталық, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстағы кей жерлерде нормадан аз болады деп болжанады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, синоптиктердің мәліметінше, бірінші онкүндіктің ішінде белсенді циклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, кей жерлерде жаңбыр жауады, сондай-ақ жел күшейеді. Республиканың оңтүстігінде ғана күн ашық болады. Бірінші онкүндіктің ішінде ауа температурасы басым болады.

Синоптиктердің болжамы мынадай болып отыр:

"Батыста, солтүстік-батыста 15...25 жылы;

Солтүстікте 17...25 жылы;

Орталықта 25…33 жылы;

Шығыста 30...38 жылы;

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 30...38 жылы болады деп күтілуде. 

Ал бірінші онкүндіктің ортасында жылы ауа массасын шығарарумен бұлттылықты ашылуы мен ауа температурасының көтерілуі күтілуде:

"Батыста, солтүстік-батыста 23...31 жылы;

Солтүстікте 25...33 жылы;

Орталық пен шығыста 33...39-ға дейін, кей жерлерде 41-ге дейін жылы болса;

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста 33...39-ға дейін, кей жерлерде 43-ке дейін жылы болады деп болжануда.

Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, айдың екінші және үшінші онкүндігінде жаңбырлы күн ауа температурасының қысқа мерзімді жоғарылауымен ауыстырылады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram