03 тамыз 2015 | 13:57

Тамызда ауа райы қандай болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әлішер Ахметов © Әлішер Ахметов

Синоптиктер тамыз айындағы ауа райының болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер тамыз айындағы ауа райының болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сонымен, Қазақстанда бірінші және екінші онкүндіктің соңында және үшінші декаданың ортасында күн салқындайды. Ведомство мәліметінше, тамыз айында ауа температурасы Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында нормадан 1 градусқа жоғары, ал қалған өңірлерде қалыпты болады. 

Сонымен қатар, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында, ал Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде және Ақтөбе облысының кей жерлерінде жауын-шашынның айлық деңгейі нормадан аз болады деп күтіліп отыр. Алайда Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында жауын шашын деңгейі нормадан асатын көрінеді. Елдің қалған территориясында норма шамасында болады. "Ай бойы салқын ауа райы бірінші және екінші онкүндіктің соңында және үшінші декаданың ортасында күтіледі", - деді ведомство өкілдері. 

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанда "атмосфералық фронттармен байланысты циклонның өтуінен" ауа райы таяу күндерде салқындайды. "Республиканың батысында ауа температурасы мөлшерлеп төмендейді, ол қысқа уақытты найзағайлы жаңбырмен, желдің күшеюімен білінеді, сөйтіп, циклон шығысқа қарай жүріп, апта соңына дейін Қазақстанның көп бөлігіне тарайды. Термометр бағаны төмендейді: батыста, орталықта және шығыста түнде 10-15 градус жылы ауа райын көрсетеді, күндіз 22-30, ал солтүстікте түнде 8-16 градус жылыны көрсетсе, күндізгі уақытта 14-22 шамасында, оңтүстік батыста, батыста және оңтүстік шығыста түнде 15 градус жылы, күндіз 25 градусқа дейін жылы", - деп хабарлады "Қазгидромет" өкілдері.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети