Халықаралық резервтің жалпы көлемі 29,1 миллиард долларға дейін өсті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. Еске сала кетейік, 18 тамызда Қайрат Келімбетов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның халықаралық резерві 29 миллиард доллар болғанын айтқан еді. Шілдеде ол 28 миллиард 977 миллион долларға жетті.

ҚР Ұлттық банк 2015 жылдың 20 тамызында еркін ауытқу бағамына өткеннен кейінгі теңгенің құнсыздануына қаржыны реттеуші тараптың қатысының болмағанын еске салды. "Жалпы алғанда, ішкі валюта нарығындағы жағдай сұраныс пен ұсыныстың теңдесуінен болды. Осы уақыт ішінде халықаралық резерв көлемі артып, ол 29,1 миллиард долларға дейін жетті", - деді баспасөз қызметі өкілдері.