"Таң" телеарнасының атауы мен форматы өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Таң" телеарнасының атауы мен форматы өзгерді © Владимир Дмитриев

"Таң" телеарадиокомпаниясы атауы мен форматын өзгертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Таң" телеарадиокомпаниясы атауы мен форматын өзгертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компанияның өз серіктестеріне таратқан құжатына сәйкес, 15 қарашадан бастап "Таң" телеарнасы өз атауын "ОН-ТВ" деп өзгертеді. Отандық телеарнаның қайта тіркеуге тұруы туралы куәлігін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті 2015 жылдың 22 қыркүйегінде берген. 

Телеарна редакциясының өкілдері компаниядағы өзгерістер жайлы әзірше пікір білдірмей отыр. Алайда олар атауын арна форматының өзгеруіне байланысты өзгертіп жатқанын айтты. Өзге мән-жайы әзірше белгісіз.

Қазақстанның жеке телекомпаниясы 1990 жылдың желтоқсанында құрылып, үш айдан кейін Алматы эфиріне шықты. "Таң" медиатобының иесі 2002 жылдың 16 қыркүйегінен бері отандық кәсіпкер Арманжан Байтасов. 2014 жылдың қыркүйегінде "Таң" телеарнасы республикаға таратыла бастады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети