Танымал диктор Тыныс Өтебай қайтыс болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Тыныс Өтебай Тыныс Өтебай

Диктор, тележурналист, КСРО телерадиосының үздігі Тыныс Өтебай қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин Facebook желісінде хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Диктор, тележурналист, КСРО телерадиосының үздігі Тыныс Өтебай қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин Facebook желісінде хабарлады.

"Бүгін, 2017 жылдың 28 тамызында, "Қазақстан" телеарнасының танымал дикторы Тыныс Өтебай ағамыз 73 жасында өмірден озды. Телеарнаға 60 - жылдардың аяғында келген Тыныс аға, талай жылдар Ұлттық арнаға адал қызмет етті. Тек қана диктор емес, ұзақ еңбек жолында түрлі редакциялардың басшысы болып, зейнетке "Қазақстан" корпорациясының Төрағасының бірінші орынбасары қызметінен шықты! Ағамыздың туыстарына, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз!", - деп жазба жариялады Ерлан Қарин.

Тыныс Өтебай - 1944 жылдың 14 наурызында Ташкент облысы, Жоғары Шыршық ауданындағы Киік ата ауылында дүниеге келген. Қазығұрт ауданы орталығындағы 7 жылдық мектепті, Ташкент электрмеханика техникумын (1961), Ташкенттегі орыс тілі және әдебиеті институтын (1971) бітірген. Еңбек жолын Ташкент трактор жасау завотында техник-электрик болып бастаған. 1963-66 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1967 жылы Өзбек радиосында диктор болып тұңғыш қазақ бағдарламасы "Замандасты" ашуға атсалысып, Өзбек теледидарына ауысты. 1971 жылдан "Қазақстан" телерадио комитетінде диктор, бас редактор, директор, комитет төрағасының 1-орынбасары қызметтерін атқарып келді. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.21  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro