Танымал электрондық әмиян лицензиясыз қалды: қазақстандықтардың ақшасына не болады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Qiwi Фото Qiwi

Qiwi-банктің бұғатталуы фонында әлеуметтік желі қолданушылары, атап айтқанда, қазақстандықтар клиенттердің электрон әмияндарындағы ақша бұғатталады деген хабар тарата бастады. Бұл шынымен солай ма? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Qiwi-банктің бұғатталуы фонында әлеуметтік желі қолданушылары, атап айтқанда, қазақстандықтар клиенттердің электрон әмияндарындағы ақша бұғатталады деген хабар тарата бастады. Бұл шынымен солай ма? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Бұған дейін Ресей банкі Qiwi-банктің операцияларды жүзеге асыру лицензиясын қайтарып алғаны белгілі болған. Qiwi федерал заңдарды, сондай-ақ Ресей Банкінің ережелерін бұзғаны атап өтілген. Бұл туралы реттеуші сайтында хабарланды.

"Банк банк қызметін реттейтін федерал заңдарды, сондай-ақ Ресей Банкінің ережелерін бұзды, сондықтан реттеуші соңғы 12 айда бес рет оған қарсы шаралар қабылдады, оның ішінде екі рет жекелеген операцияларға шектеулер енгізілді. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жүйелі түрде жол берді", - делінген хабарламада,

Сонымен қатар, реттеуші жеке тұлғалардың дербес деректерін пайдалана отырып, QIWI-әмияндарды ашудың және олар бойынша операциялар жүргізудің көптеген жағдайларын белгіледі, бұл азаматтар үшін елеулі тәуекелдер туғызғаны айтылған.

Ресейлік БАҚ мәліметінше, лицензияны қайтарып алғаннан кейін QIWI электрон әмияндардан қаражат алуға тыйым салған. Жүйеде шоттан ақша алу мүмкіндігі бұғатталған: пайдаланушының жеке кабинетінде әрекет жасаған кезде "төлемді жүргізу мүмкін емес" мәтіні шығады.

Кейінірек Ресей Банкі берген мәлімет бойынша, салымдарды сақтандыру электронды әмияндарға қолданылмайды.

"Сақтандыру электрон әмияндардағы қаражатты қамтымайды", - деді ведомство өкілдері.

Осыған байланысты Tengrinews.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен пікір алу үшін жүгінді. Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, Қазақстанда Ресей Банкімен интеграция жоқ, ал Қазақстанда QIWI-Банк жоқ. QIWI төлем жүйесі бойынша ақпаратқа қатысты ведомство редакцияны Ұлттық Банкке жолдады, біз ақпарат сұраттық.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro