Кеше | 12:54

Танымал ипотекалық бағдарламаға өзгертулер енгізіледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Midjourney Midjourney

"Отбасы банк" төрайымы Ләззат Ибрагимова "Наурыз" ипотекалық бағдарламасына қатысу шарттарына енгізілетін өзгерістер туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Отбасы банк" төрайымы Ләззат Ибрагимова "Наурыз" ипотекалық бағдарламасына қатысу шарттарына енгізілетін өзгерістер туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ләззат Ибрагимованың айтуынша, бағдарламаға жүргізілген талдау екі негізгі мәселені анықтаған.

"Бірінші мәселе – көптеген сатып алушылар жөндеу жұмыстары жүргізілген дайын тұрғын үйді сатып алуды жөн көреді, себебі жөндеу шығындары айтарлықтай көп болады. Осыған байланысты банк Құрылыс компаниялары қауымдастығымен бірқатар кездесулер өткізді. Енді порталда тұрғын үйлер дайын күйінде орналастырылады, ал сатып алушылар оны 10 пайыздық бастапқы жарна төлеп ала алады. Бұл өзгеріс 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді", – деді "Отбасы банк" төрайымы.

Ләззат Ибрагимованың айтуынша, енді "Наурыз" бағдарламасына қатысу үшін депозитте ең төменгі сома 2 миллион теңге болуы қажет.

"Қазіргі уақытта бағдарламаға қатысу үшін депозитте 1 миллион теңге болуы қажет, алайда конкурс жеңімпазы тұрғын үй құнының 20 пайызын қысқа мерзімде төлеуі тиіс. Талдау көрсеткендей, 2,5 мың өтінімнің тек 39 пайызы осы талапқа сай. Сондықтан депозиттегі ең төменгі соманы 2 миллион теңгеге дейін ұлғайтуды ұсынамыз. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруды жылдамдатады", – деді ол.

"Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында республика бойынша 42,5 миллиард теңге сомасына 3,5 мың несие берілген. Сондай-ақ, "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша кезекте тұрған басқа санаттағы азаматтарға қосымша 4,5 мың несие беріледі, деп толықтырды банк төрайымы.

"Жоспар бойынша келесі жылдың бірінші тоқсанында банк қайтарылған қаражат есебінен 45 миллиард теңге көлемінде жаңа несиелер береді. 2025 жылдың екінші тоқсанында тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарларын ескере отырып, 80 миллиард теңгеге сұраныс бар. Біз бұл соманы республикалық бюджетке енгізіп, кезектегі азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуді ұсынамыз", – деп қорытындылады Ләззат Ибрагимова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Алматыда жаңа көпір ашылды
Қазақстанда ұрлық азайған
Қырғызстанда жер сілкінді
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 517.74  course up  545.31  course up  5.05  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer