Танымал қазақстандық журналист Виктор Кияница қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал қазақстандық журналист Виктор Кияница қайтыс болды Виктор Кияница. © kp.kz

"Комсомольская правда - Қазақстан" газетінің бас редакторы Виктор Кияница 57 жасында қайтыс болды. Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Комсомольская правда - Қазақстан" газетінің бас редакторы Виктор Кияница 57 жасында қайтыс болды. Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Виктор Кияница - "Алтын жұлдыз" конкурсының лауреаты, Мемлекет басшысының қызметін жан-жақты түсіндіргені және жария еткені үшін Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының иегері (2019), Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі.

Кияница Виктор Витальевич 1964 жылы 4 шілдеде Алматыда дүниеге келген. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Өзінің журналистік қызметін "Комсомольская правда" газетінің тілшісі болып бастаған. 90-жылдардың басында Қазақстан және Орта Азия бойынша "Московские новости" газетінің, кейін Қазақстандағы "Огонек" журналының тілшісі болды. 1997-1998 жылдары Gala-TV телекомпаниясының шеф-редакторы қызметін атқарды, 1998 жылы "Хабар" агенттігінің "Жеті күн" бағдарламасының жетекшісі болды.

1998-1999 жылдары Кияница премьер-министрдің баспасөз қызметін, содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Білім беру қорының қоғамдық байланыстар орталығының баспасөз қызметін басқарды (2000-2001).

"Мұнай және газ көлігі" ЖАҚ қоғаммен байланыс департаментін басқарды (2001-2002).

2002-2003 жылдары Қазақстандағы "Комсомольская правда" ЖШС бас директоры болды. Содан кейін "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының баспасөз қызметінде біраз үзіліспен жұмыс істеді.

2005 жылы "Страна и мир" газетінің бас редакторы болды (2005). Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесшісі болды.

Оның соңғы лауазымы "Комсомольская правда - Қазақстан" газетінің бас редакторы еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети