Танымал қазақстандық кәсіпкердің мәлімдемесі Желіде дау туғызды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:instagram.com/rrm777 Фото:instagram.com/rrm777

Қазақстандық кәсіпкер, Choco холдингінің басшысы Рамиль Мухоряповтың Ресейден көшіп келгендермен кездесуінде қазақ тіліне қатысты айтқан сөзі Желіде дау туғызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық кәсіпкер, Choco холдингінің басшысы Рамиль Мухоряповтың Ресейден көшіп келгендермен кездесуінде қазақ тіліне қатысты айтқан сөзі Желіде дау туғызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетейік, Қазнетте кәсіпкер Рамиль Мухоряпов жиындардың бірінде шетелден келіп жатқан ресейліктерге оларды түсіне тұра қазақ тілінде жауап беру "біртүрлі және бұл ұлтшылдықтың белгісі" екенін айтқан видео тараған болатын.

Әлеуметтік желі қолданушылары Мухоряповтың сөзін айыптап, Choco холдингіне тиесілі қызметтерге бойкот жариялауға шақырды. Олар сондай-ақ кәсіпкерден кешірім сұрауын талап етті.

"Рамиль Мухоряпов алдымен қазақ тілінде кешірім сұраңыз. Бұл мәдениеттің көрінісі болады. Екіншіден, қазақтар мен қазақ тілін біреумен талқылайтын кезде абайлаңыз. Бұл ақымақтық. Бұл тағы қайталанса құқықтық салдарға әкелуі мүмкін", - деп жазды журналист Азамат Ерғали Facebook-те.

Журналист және қоғам қайраткері Максим Рожин Choco холдингінің кейбір сервистерінде қазақ тіліндегі пайдаланушылар үшін ақпарат жоқ екеніне назар аударды.

"Мен объективті болуға тырысамын idoctor.kz және chocotravel.com сайттары қазақ тіліндегі беттерімен қуантты. Бірақ сайттың қазақ тіліндегі нұсқасы толық емес. Бұл жалпы тілге, қазақ тілді клиентке деген көзқарас па? Сіз қазақ тілді клиенттердің құқықтарын бұздым деп ойламайсыз ба? Бұл Сіздің қазақ тілін қолдану мәселесіне деген жеке көзқарасыңыздың нәтижесі немесе төмен мәдениетіңіз (сіз бұл туралы өзіңіз айттыңыз)",- деп жазды Рожин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro