01 қазан 2021 | 12:09

Танымал қазақстандықтар елдің ең сұлу аруын таңдайды

"Қазақстан Аруы" байқауының аймақтық айналымы онлайн форматты өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан Аруы" байқауының аймақтық айналымы онлайн форматты өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еліміздің әр өңірінен келген аруларды ұлттық қазылар алқасы өтінімдерді қарап, әрбір қатысушымен онлайн-әңгімелесу өткізгеннен кейін таңдайды. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасының отырысын және қатысушылардың жеке әңгімелесуін көре алады. Егер бұрын жеңімпаз қалай таңдалатынын бақылау мүмкін болмаса, жаңа форматта жанкүйерлер алғаш рет қазылар алқасының жұмысын көре алады.

Актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мадина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы 2013" және тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen финалистердің тағдырын шешеді. 

Кастинг нәтижелері бойынша Қазақстанның 16 қаласынан 10 қатысушы таңдап алынды. Қазылар алқасы қатысушылардың анкетасын, суреттерін және видео таныстыруларын қарап, ZOOM-конференция арқылы байланысқа шығады. 

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова қатысушылардың сырт келбетінен бөлек, ол үшін қыздар әңгімелесу барысында өзін қалай ұстайтыны маңызды екенін айтты. 

"Біз қыздармен әңгімелесіп, дәстүр, олардың қаласының тарихын сұрап, олар қаншалықты білімді екенін, қанша тіл білетінін анықтаймыз. Міндетті түрде харизмасы мен сүйкімділігі болуы керек. Бір әңгімелескеннен, әрине, қатысушыны жақсы тану қиын, сондықтан бірнеше кезең болады. Біреулер үшін онлайн формат пандемия салдарынан үйреншікті болып қалды, сондықтан қандай да бір мәселе туындамайды деп ойлаймын. Қыздар үшін осындай форматта әңгімелесу оңай деп ойлаймын, себебі өзіне сенімдірек болады. Ал бізге, қазылар алқасына қиынырақ болуы мүмкін, себебі біз лайық деген қатысушыны таңдауымыз керек", - дейді әнші.    

Мадина Сәдуақасованың пікірімен танымал актер Тәуекел Мүсілім де келісіп отыр. Оның сөзінше, ең бастысы - қатысушының ішкі жан дүниесі. 

"Мен қатысушыны ішкі жан дүниесіне - оның қаншалық білімді екеніне, ойын жеткізе білуіне, қызығушылығына мән беремін. Ішкі дүниенің жан-жақтылығы - жеңімпаз үшін маңызды", - дейді актер. 

"Қазақстан Аруы 2013" Айдай Исаева алғашқы әңгімелесу маңызды екенін түсінетінін айтады. Ол қатысушыларға менін жоғалтпауға кеңес берді. 

"Маған қалай "Қазақстан Аруы" атануға болатыны және бірінші кезекте қандай қасиеттер бағаланатыны туралы сұрақтар жиі қойылады. Әрине, ең алдымен қатысушы көзінде от ойнаған, ішкі жан дүниесі сұлу, мейірімді, адамдарға жақсы қарай білетін болуы керек. Кейде әдемі қызды көріп, сөйлесе бастаған кезде, оның өмірдегі ұстанымын естіп сөйлескің келмей қалады. Барлық қызға сәттілік тілеймін және лайық ару жеңіске жетсін", - ейді Айдай Исаева.  

Қазылар алқасының тағы бір мүшесі - танымал дизайнер және стилист, Қазақстанның сән аптлығының негізін қалаушы Алексей Чжен. Ол ең алдымен қатысушының ақылдылығына, тәрбиесі мен өзін-өзі дамытуына мән беретінін айтады. 

"Одан бөлек, бұл сұлулық байқауы, сондықтан қатысушы өзін күтетін, сыпайы болуы керек. Бұл қасиеттер "Әлем Аруы-2021" және "Ғалам Аруы-2021" байқауларында Қазақстан атынан шығуда маңызды", - дейді ол. 

Айта кетейік, әр қаладан негізгі әділ қазылар мүшесіне бесінші сарапшы - сол қаланың тумасы, танымал адам қосылады. Сарапшылардың ішінде әншілер, актерлер, әртістер, блогерлер, спортшылар мен шоумендер болады. Олар әділ қазы ретінде өз қаласынан шығуға лайық аруды таңдайды. 

Дауыс беру нәтижесі жеңімпазға видео-қоңырау арқылы хабарланып және тікелей эфирде қатысушыларға қуанышты хабар жеткізіледі. Нәтижелер эксклюзив түрде Tengrinews.kz порталында арияланады. 

Әр қаладан жеңімпаз таңдалғаннан кейін қатысушылар "Қазақстан Аруы" байқауының финалына дайындалы үшін жиналады. Байқау 2021 жылдың қарашасында болады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети