Танымал қытайтанушы Тоқаевтың тағы бір сирек суретін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал қытайтанушы Тоқаевтың тағы бір сирек суретін жариялады Қасым-Жомарт Тоқаев

Танымал қытайтанушы Иван Зуенко Қасым-Жомарт Тоқаевтың тағы бір сирек кездесетін суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал қытайтанушы Иван Зуенко Қасым-Жомарт Тоқаевтың тағы бір сирек кездесетін суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, шынында да, бұл - сирек кездесетін сурет.

"1983/1984 оқу жылының тағылымдамадан өтушілер тобының Бейжің тіл институтындағы сабақ кезінде түсірілген суреті... Екінші қатарда екінші тұрған - қазіргі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Оның жанында сол кездегі ММУ тарих-филология факультетінің деканы Антонина Федоровна Котова. Бірінші қатардың оң жақ шетінде - ММУ Шығыстану институтының түлегі, қазі Ресей Федерациясының ҚХР-дағы елшісі Игорь Владимирович Моргулов", - деді Зуенко.

Қытайтанушының айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев тағылымдамадан өтушілердің бірінші тобының старостасы болған. 1984-1985 жылдары ол КСРО Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында қызмет атқарған, ол кезде бұл өте беделді жұмыс болып саналған.

Иван Зуенко — ММХҚИ Халықаралық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері, шығыстану кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети