Танымал режиссер Сатыбалды Нарымбетов өмірден өтті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сатыбалды Нарымбетов Сатыбалды Нарымбетов

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер, сценарист және актер Сатыбалды Нарымбетов 75 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер, сценарист және актер Сатыбалды Нарымбетов 75 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы хабарды Мәдениет министрлігі өкілдері растады. Министрлік мәліметінше, Сатыбалды Нарымбетов бүгін, 8 шілдеде таңертең өмірден өткен.

Сатыбалды Нарымбетов 1946 жылы 7 наурызда Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылында туған. Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография институтын бітірген. 1984 жылы жоғары режиссерлік курсты (Г.Н. Данелияның шеберханасы бойынша) бітірген. 1969 жылдан "Қазақфильм" студиясында сценарист әрі кинорежиссер ретінде қызмет етті. 1970 жылдан - "Қазақфильм" киностудиясының кинорежиссері болды. Ал 2005 жылдан бері Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Дебют" бірлестігінің жетекшісі болған еді.

"Құрманғазы" атты деректі фильміне (1972 жылы), "Зауал (1981 жылы), "Күзгі бұралаң жол" (1984 жылы) қысқа метражды фильмі, "Ұрын келген күйеу" (1987 жылы), "Созақтан шыққан Гамлет" (1990 жылы), "Көзімнің қарасы", "Жас аккордеоншының өмірбаяны" (1994 жылы), "Омпа" (1998 жылы) және тағы басқа көркем фильмдерге режиссерлік еткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro