18 қаңтар 2022 | 11:41

Тапанша-пулемет, граната атқыш. Алматыда бұзақылардың қару-жарағы қандай болған?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тапанша-пулемет, граната атқыш, Калашников автоматы. Бұл Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қатысқан тонаушылар мен лаңкестерден тәркіленген қарулар. "Қорамсақ" қару-жарақ бірлестігінің атқарушы директоры Сергей Катнов тәртіпсіздіктер кезіндегі фото және видеоматериалдарды зерттеп, Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қарақшылар мұндай қаруды қайдан алғанын айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Тапанша-пулемет, граната атқыш, Калашников автоматы. Бұл Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қатысқан тонаушылар мен лаңкестерден тәркіленген қарулар. "Қорамсақ" қару-жарақ бірлестігінің атқарушы директоры Сергей Катнов тәртіпсіздіктер кезіндегі фото және видеоматериалдарды зерттеп, Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қарақшылар мұндай қаруды қайдан алғанын айтты.

Күн сайын полицейлер еліміздің әр өңірінде қару-жарақ тәркіленгені туралы ақпарат жібереді. 18 қаңтардағы мәлімет бойынша, бір ғана Алматыда 131 қару тәркіленген. 7 қару-жарақ дүкенінен 1 347 қару ұрланғанын ескерсек ұсталмай жүргені әлі көп.

Бұл суретте Жамбыл облысындағы тонаушылардан тәркіленген 13 қару.

"Суретте жауынгерлік атыс қаруы, АКС-74У автоматтары, біреуі - жай АКС (1974 жылғы жиналмалы үлгідегі Калашников автоматы - еск.). Бұл қару әскерде, полицияда, арнайы және десанттық бөлімшелерде ғана тұрады, басқа жерлерде қолдануға тыйым салынған. Бұл қарулар қару-жарақ дүкендерінде ешқашан болған емес. Үш PP-90m1 тапаншасы, ресейлік өндіріс, төменгі жағында үлкен қара құбыр бар, бұл граната атқыш емес, бірақ мұндай оқжатар бұрандалы, 9 мм калибрлі тапанша", - деп түсіндірді "Қорамсақ" қару-жарақ қауымдастығының атқарушы директоры Сергей Катнов.

Келесі қару жиынтығы да Жамбыл облысында тәркіленді.

Суретте:

  • 4 АКМ-74 автоматы;
  • бір - АКС-74У;
  • Макаров тапаншасы;
  • ПП-90М1 тапанша-пулеметі;
  • тапанша тәрізді дыбыс азайтқыш;
  • бір аң аулайтын тегіс ұңғылы мылтық-жартылай автомат.

Сарапшы Катнов мылтықтан басқалары азаматтық айналымда жоқ екеніне сенімді.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, барлығы 156 қару түрі тәркіленіп, 2563 адам ұсталған.

"Екі аңшы мылтығынан басқалары полициядан, ҰҚК қоймаларынан алынған немесе көшеде қауіпсіздік күштерінен тартып алынған. Бірінші фотода автоматты оқжатар бір бөлігі - бакелит, ал бір бөлігі - болат штампталған (шын мәнінде), бұл АК-47-ге арналған ескі оқжатар, олар ұзақ уақыт бойы шығарылмаған, қоймалардан ұрланған. Бірақ бұл ескі оқжатар заманауи теникаға жарамды, сондықтан олар қоймаларда жатыр, олар әлдеқашан есептен шығарылған", - деп түсіндірді "Қорамсақ" қару қауымдастығының атқарушы директоры.

Әлеуметтік желіде ит арықтан граната атқыш тауып алғаны туралы ақпарат тарады. Сергей Катновтың айтуынша, фотода Калашников автоматына арналған граната атқыш - ГП-25 "Костер" бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS.P АЛМАТЫ|ALMATY🇰🇿🔞⚠️💯 (@krisp__almaty)

Сергей Катновтың айтуынша, алдыңғы суреттегі - әскери автомат.

Ал келесі - травматикалық тапанша "Стражник".

Бұған дейін Қазақстан мен Қырғызстан шекарасынан екі шақырым жерде атыс қаруы сақталған қойма табылған болатын. Онда не болғанын көрейік.

"Алдыңғы суретте екі аңшылық карабин, тегіс ұңғылы сорғылы шолақ мылтық және газ немесе травматикалық тапанша бар. Суретте АКС-У автоматы да бар. Қарудың жартысы дүкендерден, жартысы жауынгерлік қару болғандықтан қауіпсіздік күштері арсеналынан алынған", - деді Катнов.

Сарапшы Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде әскери қарудан оқ жаудырылғанын айтады. 

"Тәркіленіп жатқан қарулардың көпшілігінде іске қосуға қажетті бөлшектер, болттар, патрондар жоқ. Яғни, қылмыскерлер оны қолдана алмайды", - деп қосты Сергей Катнов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети