Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қайсар Сарытай Грузияда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтына сілтеме жасап.
Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қайсар Сарытай Грузияда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтына сілтеме жасап.
"Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағының, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігімен Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.А. Сарытайға халықаралық іздеу жариялады.
Халықаралық ынтымақтастық аясындағы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Грузияның құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол ҰОБ – мен бірлесіп Қ.А. Сарытай Грузия аумағында ұсталып, қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Антикордың айтуынша, қазір ұсталған адамды Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі жүріп жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалау органынан жасырынған адамдарды іздестіруге ерекше назар аударады.
Олардың көпшілігі қазақстандық сот төрелігі үшін қол жетімсіз болу шараларын қабылдайды және елден тыс жерлерде жасырынып жүр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!