Тараз қаласы әкімінің пәтері қанша тұратыны айтылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Тараз қаласы әкімдігіндегілер қала басшысы Ғалымжан Әбдірайымовтың қызметтік пәтері қанша тұратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Тараз қаласы әкімдігіндегілер қала басшысы Ғалымжан Әбдірайымовтың қызметтік пәтері қанша тұратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік өкілдері редакция жолдаған ресми сауалға берген жауабында әкімге аумағы 116 шаршы метр болатын қызметтік төрт бөлмелі пәтер берілгенін айтты.


© turaninfo.kz

"Тараз қалалық әкімдігінің қаржы бөліміндегілер әкімге 24,5 миллион теңге тұратын пәтер берді", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 28 қаңтарындағы жағдай бойынша әкімдікте 54 қызметтік пәтердің бар екені және олардың барлығында мемлекеттік қызметкерлердің тұрып жатқаны айтылады. Олардың айтуынша, бос тұрған пәтерлер жоқ.

Еске салайық, Ғалымжан Әбдірайымов Тараз қаласы әкімінің қызметіне 2018 жылдың 23 сәуірінде келген еді. 

Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы 1965 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы", 2003 жылы "Тұран" университетін "заңгер" мамандықтары бойынша тәмамдаған. 2014-2015 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы, 2015-2017 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметтерінде болды. 2017 жылдың 15 ақпанынан 2018 жылдың сәуіріне дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro