22 желтоқсан 2022 | 18:52

Тараз қаласында Ардагерлер кеңесінің Пленумы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін облыстық ардагерлер кеңесі жылдық жоспарға сәйкес Пленум отырысын өткізді. Онда ардагерлердің тұрмыс жағдайын, оларға қызмет көрсетудің мәдени-тұрмыстық, медициналық, әлеуметтік және басқа да түрлерін жақсартуға бағытталған жұмыстары туралы кеңінен сөз болды. Пленум отырысына облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев және облыс әкімдігінің бірқатар басқармаларының басшылары қатысты.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін облыстық ардагерлер кеңесі жылдық жоспарға сәйкес Пленум отырысын өткізді. Онда ардагерлердің тұрмыс жағдайын, оларға қызмет көрсетудің мәдени-тұрмыстық, медициналық, әлеуметтік және басқа да түрлерін жақсартуға бағытталған жұмыстары туралы кеңінен сөз болды. Пленум отырысына облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев және облыс әкімдігінің бірқатар басқармаларының басшылары қатысты.

Сондай-ақ, жиында Тараз қалалық және Байзақ аудандық ардагерлер кеңестерінің атқарған жұмыстары сараланды.

Аталған ардагерлер кеңестерінің атқарған жұмыстарын зерделеу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жүктелген міндеттердің де орындалуы сараланды.

Бұл бағытта Тараз қалалық ардагерлер кеңесі айтарлықтай жұмыс атқарған. Қалалық Кеңес пен оның жанынан құрылған тұрақты комиссиялар өз жұмыстарын бекітілген жоспарға сәйкес жүргізген.

2022 жылдың 30 маусымында өткен Пленумде "Денсаулық сақтау", "Әлеуметтік тұрмыстық" тұрақты комиссиялардың "Белсенді ұзақ өмір сүру сапасын арттыру" мәселесі қаралып, тиісті қаулы қабылданған. Осы және басқа да шешімдердің негізінде қалалық Кеңес Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қамқорлық жасауға атсалысуда. Жеңіс күніне байланысты жыл сайын соғыс ардагерлеріне арнайы құттықтаулар мен қомақты ақшалай сыйлық жасалады. Биыл Тараз қалалық мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақы төлеу орталығынан ҰОС ардагерлеріне 1 миллион теңгеден 14 адамға; тыл ардагерлеріне 50 000 теңгеден 1088 адамға; ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне 50 000 тенгеден 92 адамға, барлығы 73 миллион теңге берілген.

Оларға медициналық көмектің уақтылы көрсетіліп, тұрмыстық жағдайының жақсаруына үнемі қолдау жасалып келеді. Ардагерлердің мұң-мұқтаждары мен талап-тілектері арнайы журналға тіркеліп, олардың уақтылы да сапалы шешілуіне бақылау жасалады.

Мұндай жүйелі жұмыс Байзақ аудандық ардагерлер кеңесінде де атқарылуда. Дейтұрғанмен, кейбір мәселе бойынша жұмыстарды әлі де болса жандандыруды талап етеді. Сараптау мерзімінде санаторлық-курорттық емделу бойынша 285 ардагердің өтініші тіркеліп, оның 254 ардагері жолдамамен қамтылған. 2 ардагердің өтініштері "Әлеуметтік порталда" кезекте тұр. 29 ардагер өз еріктерімен бас тартқан. Алдағы жылы 350 ардагерді қағидаға сәйкес жолдамамен қамтамасыз ету жоспарланған. Аудандық емханада 1464 адам 60 жастан жоғары, оның ішінде 757 әйел созылмалы сырқаттармен учаскелік дәрігерлерде диспансерлік есепке алынған. Олар ай сайын диагнозына қарай рецептермен тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуде. МӘМС қоры арқылы жасалған келісім-шартпен 400 ардагер тегін ем алған. Ардагерлердің деректері «Damumed» базасына енгізілген.

Пленумда осы және өзге де мәселелер сөз болды. Отырыс соңында Тараз қалалық және Байзақ аудандық ардагерлер кеңестерінің бірқатар мүшелері марапатталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материал Жамбыл облысының әкімдігімен ұсынылған
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети