2018 жылдың 23 сәуірінде Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметовтың үкімімен Тараз қаласының әкімі тағайындалды, - деп жазады Turaninfo.kz ақпараттық агенттігі. Бұл қызметке Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы келді.

Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы 1965 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы", 2003 жылы "Тұран" университетін "заңгер" мамандықтары бойынша тәмамдаған.
2014-2015 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы, 2015-2017 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметтерінде болды. 2017 жылдың 15 ақпанынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Осыған дейін Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет болған еді.