Тараз қаласының автопаркі жаңа автобустармен толықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"City busһ" ЖШС жолаушылар тасымалының жайлылығы мен қауіпсіздігінің заманауи талаптарына сәйкес келетін Golden Dragon маркалы он екі жаңа автобус сатып алды. Тараз қаласындағы Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы орталық алаңда жаңа автобустардың кілтін тапсыру шарасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"City busһ" ЖШС жолаушылар тасымалының жайлылығы мен қауіпсіздігінің заманауи талаптарына сәйкес келетін Golden Dragon маркалы он екі жаңа автобус сатып алды. Тараз қаласындағы Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы орталық алаңда жаңа автобустардың кілтін тапсыру шарасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа автобустар қала тұрғындарына №8 бағыт (Small супермаркеті – мөлтекаудандар – Жамбыл даңғылы – Төле би даңғылы – Қазыбек би көшесі – Абай даңғылы – Көшеней көшесі) бойынша қызмет көрсетпек. Ескі автобустар диагностикадан өтіп, жөнделіп, басқа бағыттарға шығатын болады.

"Қоғамдық көлік мәселелері туралы бекерге айтылып жүрген жоқ. Қарбалас уақыттарда автобустар шамадан тыс толатыны белгілі. Тұрғындар үнемі әлеуметтік желілерде үнемі шағымданып, облыс орталығына кең, сыйымды автобустардың жетіспейтінін жазып келеді", - деп атап өтті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа көліктерді таныстыру барысында.

Аймақ басшысы тариф көтерілген кезде тасымалдаушылар қоғамдық көліктегі қызмет көрсету сапасын да арттыру бойынша да шаралар қабылдауға міндеттелгенін еске салып өтті.

"Жергілікті тасымалдаушылар қоғамдық көліктердегі жол жүру тарифтерінің төмендігіне наразылық білдірген болатын. Сондықтан жолақы құнын көтеру және TulparCard электрондық билеттендіру жүйесін енгізу туралы шешім қабылданып, ол қолма-қол есеп айырысуды барынша азайтуға және төлемдер жүйесін ашық етуге мүмкіндік берді. Қазір қала тұрғындарының 98 пайыздан астамы "TulparCard" картасын пайдаланады. Тасымалдаушылардың табысы 1,5 есеге артты. Дегенмен, олар әлі өз уәделерін орындауға асықпайтындай. Алматылық "City bus" ЖШС өз қаражатына жаңа автобустар сатып алыр отыр, тағы осындай бірнеше көлік алуға дайын. Жергілікті тасымалдаушылардың да өз міндеттемелерін орындайтын уақыты жетті. Біздің мақсатымыз – жыл сайын жүз автобус сатып алу арқылы автопаркті толығымен жаңарту", - деді облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев егер тасымалдаушылар субсидия алғысы келсе, онда адал және ашық жұмыс істеу керектігін баса айтты.

"Барлық ескі, тозған автобустарды ауыстыру керек. Біз Тараздың туристер үшін тартымды орталыққа айналғанын қалаймыз. Ал қонақтар үшін ыңғайлы логистиканы қамтамасыз ету - аса маңызды", - деді өңір басшысы.

"City bus" ЖШС өкілі Нұрлан Елшібаевтың айтуынша, сыйымдылығы 90 адам болатын 12 метрлік жаңа автобустар кондиционерлермен, бейнебақылау камераларымен (әр автобуста 7 бейнекамера), пандустармен, GPS навигациялық жүйесімен жабдықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro