15 мамыр 2022 | 09:07

Тараз маңындағы апат: автобуста болған тағы бір Өзбекстан азаматы көз жұмды

Фото "Хабар 24" сайтынан

Жамбыл облысында жол апатынан зардап шеккен тағы бір өзбекстандық тұрғын Жуалы аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды. Осылайша жол апатынан қаза тапқандар саны үшке жетті, - деп хабарлайды "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында жол апатынан зардап шеккен тағы бір өзбекстандық тұрғын Жуалы аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды. Осылайша жол апатынан қаза тапқандар саны үшке жетті, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнында қаза тапқан екі өзбекстандықтың денесі еліне жіберілді. Дәрігерлер тағы екі адамның жағдайы ауыр екенін айтады. Олардың бірі санитария авиациясымен Тараз көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Апат салдарынан зардап шеккен 20-дан аса адам үйіне оралды. Оларды тасымалдау үшін 8 жедел жәрдем көлігі мен автобус колоннасы ұйымдастырылған. 

Еске салайық, 12 мамырда күндіз Тараз маңындағы Алматы-Шымкент тасжолында жолаушылар автобусы жол апатына түскен. Салонда 51 адам болған, оның 46-сы - Өзбекстан тұрғындары.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная