13 мамыр 2022 08:42

Тараз маңында шетелдіктер мінген автобус апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Жамбыл облысында автобус ірі жол апатына түсті. Салдарынан екі адам қаза тауып, ондаған адам зардап шекті, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Жамбыл облысында автобус ірі жол апатына түсті. Салдарынан екі адам қаза тауып, ондаған адам зардап шекті, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Оқиға 12 мамырда күндіз Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылынан алты шақырым жерде Батыс Еуропа-Батыс Қытай тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолда келе жатқан трактор тіркемесімен соқтығысқан.

Жүргізушінің көмекшісі мен жолаушы қаза тапты. 48 адам дәрігер көмегіне жүгініп, 16 адам ауруханаға жатқызылған және төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Облыста автобуста болғандардың туыстары мен жақындарына көмек көрсету үшін сенім телефоны ашылды. Жедел желі телефондары: 8 (7262) 51-35-75, 51-41-67.

КТК телеарнасы мәліметінше, автобус Өзбекстаннан Алматыға бағыт алған. Автобуста 53 адам болған. Бәрі Өзбекстан азаматы. Оқиға кезінде автобуста сегіз газ баллоны болған. Абырой болғанда ешқайсы жарылмаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети