Тараз маңындағы жарылыстар: қаза тапқандардың отбасына 20 миллион теңгеден беріледі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараз маңындағы жарылыстар: қаза тапқандардың отбасына 20 миллион теңгеден беріледі Видео кадры

Тараз маңындағы жарылыстар кезінде қаза тапқандардың отбасына жалпы сомасы 20 миллион теңгеден беріледі. Сақтандыру төлемдері де қарастырылған. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасындағы "Национальный интерес" бағдарламасында төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараз маңындағы жарылыстар кезінде қаза тапқандардың отбасына жалпы сомасы 20 миллион теңгеден беріледі. Сақтандыру төлемдері де қарастырылған. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасындағы "Национальный интерес" бағдарламасында төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі басшысы биыл тамыздың аяғында оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстар кезінде қаза тапқан батырларға материалдық көмек сомасы қалай белгіленгенін айтты.

"Оқиғаларға байланысты бүгін үкімет қаза болғандар отбасына 10 миллион теңгеден аудару туралы шешім қабылдады. Бес миллион теңге - жергілікті бюджет есебінен. Бес миллион теңгеден - Төтенше жағдайлар министрлігі есебінен, ерікті түрде. Сонымен қатар емделуге мұқтаж балаларға көмек.

Мемлекет тарапынан міндетті сақтандыру жағдайының болуы - бұл 60 айлық ақшалай жәрдемақы құрбан болғандардың отбасына төленетін болады. Яғни, мұнда көптеген нюанстар бар, мұрагерлік құқықты анықтау заңды, содан кейін олар бұл көмекті алады", - деді Юрий Ильин.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде 26 тамызда сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети