Соңғы кезде еліміздегі су қоймаларының жайы халықты қатты алаңдатып отырған жайы бар. Жасыратыны жоқ, тіпті елдегі су сақтайтын платиналардың көбісінің жағдайы сын көтермейді. Мысалы, биылғы жылы Көкпекті апатынан соң Қарағанды облысында иесіз жатқан 102 су қоймасын мемлекет қарамағына алу жұмыстары басталды. Жергілікті билік бұл жұмысты жыл соңына бітіруге бекініп отыр. Осыдан төрт жыл бұрынғы Қызылағаш оқиғасын да халық әлі ұмыта қойған жоқ. Осыған орай «Алаш айнасы» интернет-басылымы арқылы Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровқа нақты мәселелерді ашып көрсеткім келіп отыр.

Құрметті Нұрлан Жамбылұлы, Кәрім Нәсбекұлы, сіздер жақсы білесіздер, кез келген су торабы стратегиялық нысан болып табылады. Өйткені су бар жерде қауіп бар. Қауіпті жер қашан да стратегиялық маңызға ие.
Жалпы, гидронысандар мынадай дәрежеге бөлінеді: халықаралық, мемлекетаралық, облысаралық маңызы бар, аймақаралық, ауданаралық маңызы бар және жеке кәсіпорындарға қарайтын жобалар болып бөлінеді. Сондықтан да қазір үлкен-кішілігіне қарамастан, әрбір су торабының жұмыс тәртібі мемлекет тарапынан бақылануы керек. Қанша су жинау, қаншасын қалдырып, қаншасын ағызу керек – осының бәрін мемлекет қадағалап, реттеп отыруы қажет. Су ресурсына мемлекеттен басқа ешкім де қожалық ете алмауы тиіс. Қазақстанда 100 миллиард текше метр су болса, соның барлығы да заң бойынша мемлекет меншігі болып табылуы тиіс. Міне, біз осы мәселені сауатты реттеу арқылы жүргізе алмай отырған тәріздіміз.
Мен жоғарыда гидронысандарды дәрежеге бөліп-бөліп айттым. Соның ішінде мемлекетаралық гидронысандар барын да атап өттім. Егер біз «Қазақстан экономикасын тұрақты негізде дамыта аламыз» десек, әсіресе мемлекетаралық гидронысандарға өте абай болғанымыз жөн. Мысалы, Тараздан жоғары тұратын Қырғыздың платинасы Киров бізге айрықша қауіп төндіріп тұр. Егер платинаға қауіп келсе бүкіл Таразға суға кету қатері төнеді. Тараз су астында қалады. Құдай бетін аулақ қылсын! Қырғыздар қызу қанды халық қой. Қырғызбен де бірлескен саясат керек. Кезінде Кеңестік кезеңде министрлікте жұмыс істегенде өзбекпен салыстырғанда қырғызбен тіл табысу қиын екендігін байқадым. Әсіресе су азайғанда мәселенің тым қатты күрделеніп кететіні бар.
Егер Киров су қоймасына қауіп келсе қала маңындағы елді мекендерге орны толмас зардап әкеледі. Тараздан небәрі 20 шақырым жердегі қойма суы әп-сәтте бүкіл қаланы ағызып әкетері сөзсіз.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз.