21 қараша 2019 09:10

Таразда 7-cынып оқушысының зорлануынан кейін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр. © ktk.kz Видеодан алынған кадр. © ktk.kz

Таразда оқушы зорлығынан кейін жауаптыларды жұмыстан шеттету әлі жалғасып жатыр. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары айтты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Таразда оқушы зорлығынан кейін жауаптыларды жұмыстан шеттету әлі жалғасып жатыр. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары айтты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Кешегі оқиғадан кейін облыстық Білім басқармасының басшысы біріншіден педагог, екіншіден өзінің моральдық тұрғыда жауапкершілігін сезіне отырып, өз еркімен өтініш берді. Өтініші қанағаттандырылды. Бірақ оның осы облыстағы басқару саласында тәжірибесі ескеріледі. Алдағы уақытта жұмыссыз қалмайды. Бұл енді басқа басшыларға сабақ болады деп ойлаймын", - деді облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова.

Телеарнаның мәліметінше, білім басқармасының басшысы бұл орында екі жарым жыл істеген еді.

Айта кетейік, облыс әкімінің орынбасары қалалық білім бөлімінің басшысы да қызметінен кететінін айтып қалды. Бірақ, ол қазір денсаулығына байланысты жұмыста болмағандықтан қызметінен шеттету жағы кейінге қалып отыр. Оқу ордасындағы оқыс жағдайдан бас-аяғы 11 адам қызметінен қуылды.

Бұдан бөлек, 4 бірдей лауазымды полиция қызметкерлеріне қатаң сөгіс жарияланған. Ал аймақ басшысы Асқар Мырзахметов мектептерге 4 мыңнан астам бейнебақылау қондырғыларын алуға бұйрық берген. Оған келер жылдың бюджетінен 54 миллион теңге қарастырыпты. 

Таразда 7-сынып оқушысы зорланды: директор, орынбасары, мұғалім және вахтер жұмысынан босатылды

Еске салайық, мұның алдында Таразда азғынның 7-сынып оқушысын сабақ кезінде зорлағаны хабарланған болатын. Бұл жағдай әжетханада болған. Ата-аналардың айтуынша, мұнда кім көрінген келіп-кетеді екен. Себебі мектептің сол қапталында ішке кіретін есік бар. Күдікті де сол жолмен келіп, қызға жәбір көрсеткен дейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети