29 желтоқсан 2016 | 14:27

Таразда 9 жастағы баланы құтқарып қалған Ұлттық ұлан сарбаздары марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет авторы капитан Ырысқұлов Сурет авторы капитан Ырысқұлов

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан "Оңтүстік" Қолбасшылығының генерал-майоры Әлібек Сералиевтің бұйрығымен қатардағы жауынгерлер Абзамов Аманжол, Аяпбергенов Досбол, Сатыбалдиев Ізбасар "Қоғамдық тәртіпті қорғау үшін" медельдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Марапаттау рәсімі Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімшесінде өтті. 

21 желтоқсанда сарбаздар саяжайда мұз жарылып суға құлап кеткен 9 жастағы баланы құтқарып қалған. Марапаттау рәсіміне баланың әкесі қатысты. Ол қолбасшылық жетекшілігіне, сарбаздардың аналары мен әскери бөлімшенің командирі подполковник Нарбаев Бағдатқа алғысын білдірді. Сарбаздардың ата-аналары марапаттау шарасын әлеуметтік желі арқылы онлайн-режимде көре алды. 

Еске салайық, оқиға кешкі уақытта Төле би көшесінде болған. "Саяжайда үлкен тоған бар. Жергілікті тұрғындар бұл жерге келіп сырғанақ тебеді. Сол күні оқушылар сырғанақ теуіп жүрген кезде бірінің аяғының астында мұз жарвлып, ол суға құлады. Осы кезде кезекшілігін атқарып жүрген әскери жасақ көмеккке шақырған дауысты естиді. Олар баланы судан алып шығып, алғашқы медециналық жәрдем көрсетіп, жедел әрекет қызметтерін шақырған. Қазір балагның жағдайы жақсы. Зардап шеккен - алтыншы сынып оқушысы", - деген болатын Ұлтық ұланның ресми өкілі. Баланың ата-анасы сарбаздар борышын өтеп жатқан 5513 әскери бөлімінің командиріне алғыс хатын жазған. 

Читайте также
Join Telegram
Доллар бағамы өсті

Валюта бағамы

 491.74   538.64   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети