Таразда алаяқтар бөтеннің үйлері мен пәтерлерін иемденіп, сатумен айналысқан

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: depositphotos.com Фото: depositphotos.com

Азаматтық істерді талдау нәтижелері бойынша облыс прокуратурасы нарықтық құны 300 миллион теңгеден асатын 20 жылжымайтын мүлікке меншік құқығын заңсыз иемдену схемаларын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Азаматтық істерді талдау нәтижелері бойынша облыс прокуратурасы нарықтық құны 300 миллион теңгеден асатын 20 жылжымайтын мүлікке меншік құқығын заңсыз иемдену схемаларын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Қаскүнемдер Таразда иелері қайтыс болған немесе басқа мемлекетке көшіп кеткен иесіз пәтерлер мен үйлерді анықтап, жалған құқық белгілейтін құжаттарды жасап, басқа тұлғаларға сату мақсатында жеке бас пайдасына оларды иемденген.

"Аталмыш қылмыстар заңсыз шешімдердің қабылдануына ықпал еткен сотқа қолдан жасалған дәлелдемелерді ұсыну, жалған сот шешімдерін, заңсыз нотариаттық іс-әрекеттер жасау арқылы жүзеге асырылған.

Облыс прокуратурасы пәтерлерді заңсыз иемдену деректері бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі бойынша 6 қылмыстық іс тіркеді", - делінген хабарламада.

Азаматтық кодекстің талаптарына сәйкес меншік иелері (өсиет бойынша және заң бойынша мұрагерлер) болмауына байланысты аталған объектілер әкімдіктің талап қоюлары бойынша соттың иесіз деп танылуына және коммуналдық меншікке айналуына жататынын атап өту керек.

"Былтырғы жылы 20 объектінің 3-еуі бойынша 1 адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Биыл Тараз қаласы №2 сотының 2023 жылғы 6 қазандағы үкімімен 2 пәтерді жымқырғаны үшін екі тұлға 2-ден 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды", - делінген хабарламда.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жылжымайтын мүліктің қалған 15 объектісі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта облыс прокуратурасының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы органдар жылжымайтын мүлікті мемлекет кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылдап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro