25 қыркүйек 2015 | 09:29

Таразда анасынан зәбір көрген бала үйіне оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Youtube Youtube

Таразда анасынан зәбір көрген жеті жасар Серік Басманов бейімдеу орталығынан үйіне оралды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Таразда анасынан зәбір көрген жеті жасар Серік Басманов бейімдеу орталығынан үйіне оралды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Орталықта бала шамамен екі ай болады. Комиссия анасына баласын үйіне әкетуге рұқсат берді. Дегемен, Фатима Басманованың үстінен қозғалған қылмыстық іс әлі тоқтатылған жоқ. Ол айыппұл төлеуі мүмкін. Дегенмен оны төлеу әйелге қиынға соғып отыр. Себебі тергеу амалдары жүргізіліп жатқан кезде ол жұмысынан айырылды.

Бұған қарамастан бала да үйіне оралғанына қуанышты. Серік бейімдеу орталығында жағдайы болмағанын айтты. "Ойнадық. Дегенмен үлкендер маған қол жұмсады", - деді бала. Айта кетейік, Серік осы уақыт бойы анасын қорғап келді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Таразда ұрып-соғылған 6 жасар баланың видеосы Интернетті дүрліктірген болатын. Кадрларда дүкендердің бірінің жұмысшыларының баланың көптеген жарақаттарын таңып жатқаны көрінеді. Ал кадр сыртындағы адамдар баланы шешесі ұрды деп, оның ісін сөгеді. Алайда видеоны түсіріп тұрғандардың бірі баланың ылғи да осылайша жарақаттармен келетінін айтады. Бала болса әлденеден қорқып қалған, өзінің тұрғылықты мекен-жайы мен телефонын айтудан бас тартады.

Дереккөз: КТК телеарнасы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети