Таразда бес жыл бұрын атыс кезінде жараланған полицей қайтыс болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда бес жыл бұрын атыс кезінде жараланған полицей қайтыс болды Фото: Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінен

2016 жылы Тараздағы атыс кезінде жараланған полицей Бекжан Тіленшиев 2021 жылдың 5 шілдесінде қайтыс болды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2016 жылы Тараздағы атыс кезінде жараланған полицей Бекжан Тіленшиев 2021 жылдың 5 шілдесінде қайтыс болды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПБ патрульдік полиция батальонының аға полиция сержанты Тіленшиевке 2016 жылғы 19 маусымдағы атыс кезінде мойны мен кеудесіне оқ тиген. Оқиға қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде шағын аудандардың бірінде болған.

Полицей 2016 жылдың 5 желтоқсанында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

2017 жылғы сәуірде полицей денсаулық жағдайына бойланысты ішкі істер органдарынан босатылған.

Бекжан Тіленшиев Қазақстанда және шетелде ұзақ уақыт емделген және жарақат алған сәттен бастап мүгедек болып қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети