Таразда COVID-19 жұқтырғандар тегін дәрі-дәрмекті сатып алуға мәжбүр болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда COVID-19 жұқтырғандар тегін дәрі-дәрмекті сатып алуға мәжбүр болған Фото: pixabay

Тараздық дәрігерлер коронавирус жұқтырған науқастарға тегін берілетін дәрі-дәрмектерді сатып алуға мәжбүрлеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараздық дәрігерлер коронавирус жұқтырған науқастарға тегін берілетін дәрі-дәрмектерді сатып алуға мәжбүрлеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ауруханалардың бірінде емделушілердің туыстары, дәрігерлер науқастар тегін алуға құқылы дәрі-дәрмектерді сатып алуға мәжбүрлеп жатқанына шағымданады.

"Өзбекстаннан шығарылатын "Ремдесс" препараты біздің дәріханаларда болмағандықтан бөлім меңгерушісіне қоңырау шалып сұрадым. Бұл препарат еш жерде жоқ. Бізде бұл препараттың 1 бөтелкесі 19 мың тұрады. Ал бір курс алу үшін осының алтауы керек. Жаңа хаттамаға сәйкес, егер мемлекет коронавирус жұқтырған науқастарды емдесе, бұл ауруханаларда болуы керек", - дейді науқастың туысы Наталья Соборнова.

Әйелдің айтуынша, ол дәрі-дәрмектің тегін берілуі керек екенін білгенше ұзақ уақыт іздеген. Тараздағы ауруханаға ауыр жағыдайда түскен басқа науқастардың да туыстарынан да шағымдар түсіп жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы барлық дәрі-дәрмек қоймаларда бар деп мәлімдеді.

"Бұл "Ремдесивир", "Метилпреднизолон" препараттары жеткілікті мөлшерде бар. Қазіргі уақытта "Метипред" 2800 данадан асады, ал "Ремдесивира" - 1924 бөтелке. Сондықтан мен бұл препараттарға тапшылық көріп отырған жоқпын", - деді Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Гүлжазира Ибрагимова.

Басқарма тексеру жүргізуге уәде берді, және пациенттерден шағымдарында дәрі-дәрмек сатып алуға мәжбүрлейтіндердің нақты аттарын көрсетуді сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети