Таразда дауыл тұрды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда дауыл тұрды КТК кадры

Таразда қатты дауыл тұрып, үйлердің шатыры ұшып, бірнеше билборд қирады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда қатты дауыл тұрып, үйлердің шатыры ұшып, бірнеше билборд қирады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Таразда дауыл 15 қарашаға қараған түні басталған. Жел екпіні секундына 28 метрге жетті. Ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақтар тоқтатылған. Түні бойы соққан жел үйлердің шатырын ұшырып әкеткен.

"Дауыл 25 билбордты, үш тіреуішті, бір қоршауды зақымдады, Тұңғыш Президент саябағындағы 6-12 өлшемді Мемлекеттік ту жыртылған. Салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрбол Қалдыбаев.

Билік өкілдерінің айтуынша, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Дауыл 15 қараша күні таңертең басылып, ондаған үй жарық пен жылусыз қалды. Бағдаршам жұмыс істемейтін көше қиылыстарында полицейлер кезекшілік етті. Ал құтқарушылар мен коммуналдық қызмет құлаған шатыр үйінділерін тазалаған.

Синоптиктер бүгін де дәл осындай дауыл болады деп болжап отыр

Дереккөз: КТК

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети