Таразда депутат соққыға жығылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда депутат соққыға жығылған Фото: facebook/Нуреке Алтынбекович

Әлеуметтік желілерде Таразда Алматы облысы Іле ауданы мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиев аяусыз соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Полиция бұл жайтты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Таразда Алматы облысы Іле ауданы мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиев аяусыз соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Полиция бұл жайтты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала ақпарат бойынша оқиға 13 мамырда кешке қаланың кафелерінің бірінде болған. Бұл жағдайдан кейін депутат ауруханаға жеткізілген. Бірақ Жамбыл облысы Полиция департаменті мәліметінше, ол ауруханаға жатудан бас тартқан.

"Бұл дерекке қатысты ҚК 293-бабының 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысы бар адам анықталып, полицияға жеткізілді. Қазір қылмыстық іс бойынша болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деді құқық қорғау органдары.

Әлеуметтік желілерден алынған ақпаратқа сүйенсек, Нұрлан Байғазиев Таразға жұмыс сапарымен барған. Ол заңгер ретінде клиенттермен кездескен. Қолда бар мәліметтерге сәйкес дәл осы уақытта оған шабуыл жасалған. Болжам бойынша ер адам депутатты кастетпен ұрған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети