Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Таразда есту қабілеті нашар балалардың ата-аналары шағымын айтты 04 тамыз 2022, 10:50

Жамбыл облысында есту қабілеті нашар балалардың ата-аналары кохлеар имплантанттарға арнайы қымбат таратқыштар түрінде мемлекет тарапынан көмек
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Жамбыл облысында есту қабілеті нашар балалардың ата-аналары кохлеар имплантанттарға арнайы қымбат таратқыштар түрінде мемлекет тарапынан көмек көрсетілмейтініне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жеті жасар Інжуге кохлеар имплантанты орнатылып, бір жасқа толғанда арнайы аппарат берілген. Ол имплантацияланған чиптің құлағына дыбыстық сигнал беруіне көмектеседі. Қазір құрылғының қызмет ету мерзімі аяқталды, бірақ оны ауыстыратын басқа аппарат жоқ.

"Қазір көп дыбыс пен әріпті шатастырып, дұрыс естімейді. Құрылғының тозығы жеткен, оның жалпы бес жылдық кепілдігі бар. Көп нәрсені қате жеткізеді, әсіресе сөздердің жалғауы түсіп қалады. Былтыр процессор істен шықты, қолданылғанын сатып алуға мәжбүр болдық. Ең кіші аппарат - 200 мың теңге. Ал жаңа аппараттың барлығы 6 миллионнан асады", - дейді Тараз қаласының тұрғыны Айтолқын Қарашолақова.

Кейбір балалар мүлдем аппаратсыз қалған, өйткені ата-аналардың оларды ауыстыруға қаражаты жоқ. Былтыр оларды жаңа құрылғылармен қамтамасыз ету керек еді. Бар болғаны 37 құрылғы қажет. Жуалы ауданы тұрғынының айтуынша, оған аппарат былтыр берілуі тиіс болған. Нәтижесінде, түрлі сылтаулармен аппарат биыл мамырға дейін кейінге қалдырылды.

Тек бүгін, жанжал кезінде шенеуніктер бірде-бір кәсіпкер құрылғы сатып алу лотына жауап қатпағанын айтқан.

"Барлық рәсім әлеуметтік қызметтер порталында өтуі керек еді. Тапсырыс жеткізушілері сол жерде тіркелуі керек. Қызмет ұсынатын жеткізушілер тіркелмегендіктен, жоба іске аспады. Қызмет бағалары тұрақсыз және қымбат. Енді мемлекеттік сатып алулар арқылы осы қызметті жүзеге асырамыз", - деді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің маманы Светлана Пак.

Мамандар айтуынша, қазірдің өзінде 37 аппаратқа мемлекет тарапынан шамамен 190 миллион теңге бөлінген. Енді сауда аяқталуы мен жеткізушінің анықталуын ғана күтіп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram