Таразда Жамбыл облысы "Көксай" шатқалы аумағындағы қар көшкіні астында қалған әскерилерді алғашқы болып құтқарған ер адамға салтанатты түрде медаль берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Таразда Жамбыл облысы "Көксай" шатқалы аумағындағы қар көшкіні астында қалған әскерилерді алғашқы болып құтқарған ер адамға салтанатты түрде медаль берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығының күзет инспекторы Тұрысбек Әлімбековке Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің атынан салтанатты түрде "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" деген медаль берілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қорықтың күзет инспекторының төтенше жағдай жайлы бірінші болып хабарлағаны айтылады. Әлімбеков құтқарушылар келмей жатып, әскерилерді құтқара бастаған.
"Бұл қиын жағдай болды. Енді мұндай қайталанбайды деп сенемін. Түске қарай мен тосқауылда тұратын жасақ жақта жүргенмін. Содан маған бір солдат жүгіріп келіп, төтенше жағдай жайлы айтты. Мұндай жағдай менің өмірімде бірінші рет болды. Мен бірден Төтенше жағдай қызметіндегілеріне хабарластым. Құтқарушылар келгенше, оларға өздеріміз көмектесе бастадық. Осы кезде қар көшкіні екінші рет жүрді. Бірақ біз үлгере алдық. Содан құтқарушылар мен сарбаздар келді. Қар жауды, тұман болды. Бірінші зардап шеккен әскериді төрт сағаттан кейін алып шықтық. Мен тек өз борышымды орындадым. Бұл еліміздің әрбір азаматының борышы", - деді ер адам.
Еске сала кетейік, 17 ақпанда Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүріп, жеті адам қаза тапқан болатын.
Ал кейінірек Бақытжан Сағынтаевтың Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаны тергеу барысын өз бақылауына алатыны хабарланған болатын. Айта кетейік, қаза тапқандармен қоштасу рәсімі әскери бөлімде өтті.
Қайғылы оқиғаның хронологиясын мына жерден оқи аласыздар.