Таразда қатты жел соғып, үйлердің шатыры ұшып түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда қатты жел соғып, үйлердің шатыры ұшып түсті Видеодан алынған кадр

Таразда қатты жел соғып, үйдің шатыры ұшып көліктерге қалай құлағаны түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Видео қадрларынан құлаған ағаштарды да көруге болады. Полиция департаменті қала тұрғындарынан автокөліктерін қауіпсіз орындарға ауыстыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram-да үйдің шатыры көліктерге қалай құлағаны түсірілген видео пайда болды.

"Қатты желден №16 үйдің шатыры ұшып, №14 үйге қарама-қарсы тұрған көліктердің үстіне құлады. Абай болыңыз", - дейді қыз видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тараз в объективе✌️ тво (@taraz_v_obektive)

Видеодағы басқа кадрларда ағаштардың жолға құлап жатқанын көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тараз LIFE (@taraz_life)

Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Жайдар Құттыбаев қала тұрғындарына үндеу жолдады.

"Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары қалада қатты жел соғуына байланысты көліктеріңізді ағаштар мен қауіпті аймақтарға қоймауларыңызды сұраймыз. Абай болыңыздар! Жаяу жүргіншілерден сақ болуын сұраймыз", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети