20 қараша 2018 | 08:38

Таразда нан бірден 10 теңгеге қымбаттап кетті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Таразда нанның бағасы бір күнде 65 теңгеден 75-ке бірақ өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Таразда нанның бағасы бір күнде 65 теңгеден 75-ке бірақ өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Елді шошытып алмас үшін әдетте біртіндеп көтерілетін нанның ақысы күтпеген жерден неліктен шарықтап шыға келгені әзірге түсініксіз.

Қазір көп дүкен сөрелерінде ас атасының нақты бағасы көрсетілмеген. Бірақ бір бөлке бұрынғыдан 10 теңгеге қымбат сатылып жатыр. Саудагерлер бүгін нан күндегіден қымбатырақ жеткізілгенін айтып отыр. Ал оның себебін түсіндіріп беретін бірде-бір наубайхана қожайындарымен тілдесу мүмкін болмады. Бұл жаңалықты бұқарамен қатар шенеуніктер де күтпесе керек. Өйткені нан бағасының неліктен өскенін өздері де білмейді. Бүгін соны анықтау үшін облыс әкімдігінде кешке тақау наубайхана қожайындарының қаттысуымен шұғыл жиын өтті. Бірақ оның қорытындысы ертең жарияланады. Ал өңірде наның құны соңғы рет екі жыл бұрын көтерілгенін айта кетейік. Бұл жолғы шарықтауға да тұрғындар наразы.

"Бала-шағасы көптерге қымбат қой. Аз адамға білінбейді. Біз екі-ақ адамбыз, бізге бір нан екі-үш күнге жетеді. Дұрыс емес әрине, алдын-ала айтылса болады ғой", - дейді Тараз қаласының тұрғыны Мейізкүл Жұмалова.

Дереккөз: КТК

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети