Таразда судья 2 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді - Антикор

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда судья 2 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді - Антикор Фотоколлаж ©Tengrinews.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тараз қалалық №2 сотының судьясын пара алды деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тараз қалалық №2 сотының судьясын пара алды деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикоррупциялық қызмет Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп жасырын іс-шаралар нәтижесінде Тараз қаласының №2 сотының судьясы 2 000 000 теңге сомасында пара алғаны туралы әшкереленді.

"Судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деп күдекке ілінген. Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

"Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети