Таразда тойға жиналған 500 адам тексерушілерге қарсы шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда тойға жиналған 500 адам тексерушілерге қарсы шықты Фото: elements.envato.com

Таразда мониторинг тобы бір мейрамханада бірнеше банкет өтіп жатқанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда мониторинг тобы бір мейрамханада бірнеше банкет өтіп жатқанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Мейрамхана есігі жабық болған. 

"Жақында 500 адам жиналған тойды анықтадық. Клиенттердің өзі бізге шабуыл жасады. Өздерінің арасында бір адам ауырып отыруы мүмкін және ол бәріне жұқтырады дегенді мойындамайды. Бұған тыйым салынғанын түсіндіріп жатырмыз, бірақ адамдар ұқпайды", - деді мониторинг тобының мүшесі Николай Чагай.  

Телеарна сюжетінде Тазарда күн сайын 12 мобильді топ жүргізілетіні айтылды. Тексерушілер көбіне персоналдың маска және қолғапсыз жұмыс істейтінін, санитайзер қолдайнбайтынын анықтайды. Кафе иелеріне қатысты хаттама толтырылады және талаптардың бұзылғаны туралы СЭС-ке мәлімет беріледі. Барлығы 15 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети