13 мамыр 2020 11:23

Таразда заңсыз салынған 13 құрылыс нысаны бұзылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда заңсыз салынған 13 құрылыс нысаны бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Таразда заңсыз салынған 13 құрылыс нысаны бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаһарына мінген Қарабалаев Таразды күл-қоқыстан аршып, бей-берекетсіздіктермен күресті бастап кетті. Соңғы күндердегі қауырт жұмыстардың нәтижесінде 374 тонна күл-қоқыс шығарылып, 58 шақырым арық жүйесі тазартылды.

Тараз қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекованың айтуынша, Тараз қаласында 1799 тал-дарақ бұталанып, 103 құрылыс нысанының қоршаулары қалыпқа келтірілген. Бей-берекет орналасқан 109 сауда орынын тып-типыл етіп, заңсыз тұрған 65 дүңгіршекті алып тастаған. "Қызыл сызық" нормаларын бұзған 13 құрылыс нысанын бұзуға пәрмен берілсе, 127 бизнес субъектілерінің ғимараттары эскиздік жобаға сәйкес жаңартылған. Ал жабайы жарнамалар ілінетін орынға айналған 221 аялдама сырланып, қалыпқа келтірілген.

Бұл жұмыстар "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында іске асырылып, инфрақұрылымдық жобалардың сапасын бақылау және аумақтық округтерді абаттандыру мен санитарлық тазалықты қадағалау мақсатында Тараз қаласында құрылған 11 мобильдік топтар құрылған. 

Мобильдік топтар құрамында зиялы қауым өкілдері, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, учаскелік полиция инспекторлары, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері болды.

Дегенмен осы жұмыстардан кейін де аялдамаларға қайтадан жарнамалар, хабарландырулар жазылған қағаздарды іліп кеткендер болыпты. Бұл бойынша 50 адам анықталып, оларға айыппұл салынып, Заң аясында жауапкершілікке тартылған.

Жалпы, Тараз қаласында "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы бойынша 94 жоба жүзеге асырылып, 5664 жұмыс орыны ашылады деп күтілуде. Оның ішінде "Жұмыспен қамту орталығында" ресми жұмыссыз ретінде тіркелген 2 822 адамға "екі қолға бір күрек" табылатын болады. Бұл бағыттағы жұмыстар ары қарайда өз жалғасын табатыны айтылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети