Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Тараздағы ЖГТУ лицензиясынан айырылды

01 Шілде 2014, 13:20
0
©Zhgtu.kz
©Zhgtu.kz

Соттың шешімімен Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті (ЖГТУ) 1 шілдеден бастап, қызметін тоқтатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу орнының лицензиясын қайтып алуға министрлік 2014 жылдың наурыз айында екінші рет жүргізген мемлекеттік аттестацияның нәтижесі негіз болды. Министрлік алғаш рет 2013 жылдың желтоқсан айында аттестация жүргізген еді. Ол кезде ЖГТУ лицензиясының әрекеті екі ай мерзімге тоқтатылды. Оқу орны студенттері тестілеуде төмен нәтиже көрсетті, кафедралардың дәрежелілік деңгейі де белгіленген нормаға сай келмеді, оқу-ғылыми әдебиеттер қорының қазақ және орыс тіліндегі басылымдары білім алушылар контингентіне тепе-тең болмай шықты.

Енді ҚР Білім және ғылым министрлігінің нұсқауымен ЖОО жетекшілігі 10 күн ішінде барлық студентін Тараздағы өзге оқу орындарына бөлуі керек. Студенттердің жалпы саны - 3610 адам. ЖГТУ ректоры 10 шілдеге дейін өкілетті органға ЖОО лицензиясын қайтаруы тиіс. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына басқа ЖОО-ларға ауысу мүмкіндіктері туралы түсіндірілді. Қызметкерлердің саны - 256.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай