Тараздық батыр анаға жәрдемақы SMS арқылы тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Тараздық батыр анаға жәрдемақы SMS арқылы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Тараздық батыр анаға жәрдемақы SMS арқылы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ендігіде көп балалы "Алтын алқа", "Күміс алқа" иеленген аналарға тиісті жәрдемақы проактив тәсілімен тағайындалатын болды. "Азаматтарға арналған үкімет" жаңа пилоттық жоба аясында 6-7 баласы бар әйелдерге еш құжатсыз-ақ керекті төлемдерді аударатын болады.

Ең алғашқылардың бірі болып, "Күміс алқа" иеленуіне байланысты тиісті жәрдемақының тағайындалғаны туралы SMS-ті Умида Ахунжанова алды. Тараз қаласында тұратын алты баланың анасы келген смс-терге оң жауап беріп, біршама уақытын үнемдегенін айтады.

"Мұндай дүниенің іске қосылғанына таңмын. Бұл болмағанда, кішкентай балаларымды тастап, құжаттарды өткізіп жүретін едім. Бұл менің қаншама алтын уақытымды үнемдеді. Себебі мен үшін бөбектеріммен өткізген әр сағатым қымбат", - дейді ең алғашқы проактив тәсілімен жәрдемақы алған көп балалы Умида Ахунжанова.

Жоба аясында Умиданың телефонына ең алдымен жәрдемақы алуға құқылысыз деген хабарлама келген, кейін жәрдемақы аударылуы тиіс есеп-шоттың нөмірі жолданған. Олардың дұрыстығына келісімін берген батыр анаға ең соңында жәрдемақының тағайындалғаны туралы смс келген. Айта кетейік, қызметті алу үшін ұялы телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс.

Көп балалы аналар награданы алу үшін жергілікті әкімдікке өтініш жазып, кейін оның тағайындалғаны туралы құжатты халыққа қызмет көрсету орталығына өткізетін. Бұдан бұлай ХҚО-ға барудың қажеті болмайды, қызмет автоматты түрде көрсетілетін болады.

"Проактив - қазақстандықтардың құжаттарды ешқайда өткізбей-ақ, мемлекеттік қызметтерді алуына мүмкіндік беретін жоба. Бүгінде жас аналарымыз проактив аясында келетін смс-терге жауап беріп, баланың туу куәлігін жасатып, оның күтіміне байланысты жәрдемақыны рәсімдеп, балабақша кезегіне тұрып, сәбиді мекенжай тіркеуіне қоя алады. Сондай-ақ осы проактивті түрде зейнеткерлікке шығу, мүгедектікті рәсімдеу қызметтері алдағы уақытта іске қосылады. Біз азаматтарымыздың өмірін жеңілдетіп, артық қағазбастылықтан арылтамыз. Бұл - мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматқа ауыстырудағы бірқатар бастамамыздың бірі", - дейді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro